Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған концерт ұйымдастырылды. Шарада жас таланттар көрерменге арнап ауқымды бағдарлама дайындаған. Оның аясында ұл-қыздар рух көтерер әндер шырқап, би биледі.
ИРИНА КОЛОДАЕВА, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы директорының орынбасары:
— Орталықта Мемлекеттік рәміздер күніне орай концерт жыл сайын өтеді. Басты мақсатымыз – жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, Тәуілсіздік символдарына деген құрметін арттыру. Сондай-ақ, осы сияқты шаралар арқылы жаңа таланттарды байқаймыз. Игі дәстүр алдағы уақытта да жалғасын табады.
Мерекелік шарада жеткіншектерге арналған түрлі логикалық ойындар өтті. Бүлдіршіндерге егемендігіміздің нышандары жайлы түрлі сұрақтар қойылды. Айта кету керек, концертте 10-нан астам шығармашылық ұжым өнер көрсетті.
ТАИСИЯ ЛАХТИНА, “Капельки” ансамблінің мүшесі:
— Өңір тұрғындарын айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткізілетін шарада жыл сайын өнер көрсетемін. Әр шарадан Ту, Елтаңба, Әнұран жайлы мол ақпар аламын. Өнер саласында жүргеніме 3 жылдан асты. Осы уақыт ішінде түрлі республикалық байқауда топ жардым. Алдағы уақытта әлемдік сахналарда өнер көрсетіп, көк Туымызды көкте желбіреткім келеді.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің айнасы. Бізді әлем егемендігіміздің нышандары арқылы таниды. Сондықтан, барлығымыз Ту, Елтаңба, Әнұранды қастерлеуге тиіспіз.