Қоғам

Аналар күніне арналған шара

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында Аналар күніне арналған салтанатты кеш өтті. Ұйымдастырушы – “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі. Түріктер ананы ерекше құрметтейді. Қара теңіз жағасында жылда мамырдың екінші жексенбісінде Аналар күнін атап өтеді, өмір сыйлаған жандарды таңда ерекше құттықтап, құшақтарын гүлге толтырады екен. Бауырлар мұндай дәстүрді Петропавлда жалғады. Кеште қонақтар үшін арнайы әдеби-музыкалық бағдарлама дайындалған.

СИМАНАС ШАХАНОВА, СҚО ҚХА жанындағы “Түрік мәдениеті” ҚБ төрағасы:

— Ана – әр адамның өміріндегі ең қымбат, ең қастерлі жан. Біз бұл мерекені жыл сайын атап өтеміз. Түрік халқы ананы отбасының алтын діңгегі, берекесі деп біледі. Кішкентайынан ана, әже мен әпкесіне ерекше құрмет таныту парыз саналады. “Түрік мәдениеті” қауымдастығынының атынан барша аналарды мерекемен құттықтаймын! Әр шаңыраққа амандық, денсаулық және сарқылмас бақыт тілеймін!