Мәдениет

Күй құдіреті: “Шабыт” ансамблінің есептік концерті өтті

Петропавлда “Шабыт” домбырашылар ансаблінің есептік концерті өтті. Кеште Татьяна Букированың жетекшілігімен 20-дан астам талантты жеткіншек өнер көрсетті. Олар тыңдарман қауымға танымал күйлерді де, заманауи туындылары да ойнап берді. Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұрап жүрген жастардың қатарында ансамбльдің белді мүшесі Рахат Өмірзақ та бар.

РАХАТ ӨМІРЗАҚ, “Шабыт” ансамблінің домбырашысы:

— Мен домбырада 5 жыл ойнаймын. Бұл аспап маған қатты ұнайды. Бүгін “Шалқыма”, “Балбырауын”, “Домбыра” секілді күйлерді шертеміз”, “Өзіме “Балбырауын” және “Домбыра” күйі ерекше ұнайды. Олардың әуені әсерлі әрі әдемі”, Аздап қобалжуым бар. Бүгін ата-анам, таныстарым және достарым қолдау үшін келді.

Концерт барысында өнерпаздар ұжыммен де, жеке де өнер көрсетті. Сахнадағы ерекше дуэттердің бірі – әкесі мен қызы. Аслан Төкен жас кезінде Татьяна Букированың шәкірті болған. Ал өткен жылдың қыркүйек айында өзінің 7 жасар қызын топқа қосыпты. Тәжірибелі мамандардың тәлімін алған бүлдіршін бірнеше айдың ішінде қазақтың ұлттық аспабын жетік меңгеріп, облыстық және республикалық сахналарда топ жарып үлгерген.

АСЛАН ТӨКЕН, домбырашы:

— Қызымды қазақтың ұлттық музыкасын, мәдениетін, тарихын меңгерсін деп Татьяна Асылбаеваның мектебіне тапсырдым”, 02:21-02:56 “Татьяна Асылбаеваға алғысымыз шексіз, ол – өз кәсібінің шебері. Әр балаға өзінің жеке оқыту тәсілін табады.

“Шабыт” домбырашылар ансамблінің іргетасы 2000 жылы қаланған. Көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанып, өңір мақтанышына айналды. Татьяна Букирова – “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері. Ансамбльге 25 жылдан астам жетекшілік етеді.

ТАТЬЯНА БУКИРОВА, “Шабыт” домбырашылар ансамблінің жетекшісі:

— “Ансамбль ашылғаннан бергі біздің басты мақсатымыз – балалардың бойына ұлттық өнерді сіңіру. Осы жылдар ішінде ұжым толысып, шеберлігі шыңдала түсті. Түрлі буын алмасты, менің алғашқы шәкірттерім – бүгінде әріптестерім, балаларын әкеліп жатыр. Бізді музыкаға деген махаббат біріктіреді.

Есептік концерт көрерменнің көңілінен шықты. Қазіргі таңда ансамбль репертуарын толықтырып, жаңа белестерді бағындыруға дайындалып жатыр.

Жаннұр Бектұрғанова