Білім

Теріскейлік түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуді бастады

Солтүстікқазақстандық оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуді бастады. Осы мақсатта облыста 3 орталық жұмыс істеп тұр. Оның екеуі Петропавлда орналасса, біреуі Новоишимское ауылында құрылған.
Еске сала кетейік, биылғы тестілеудің форматы өзгеріссіз қалды. Талапкерлер үш міндетті және өздерінің таңдаған екі бейіндік пәні бойынша сұрақтарға жауап береді. Барлығы – 120 тестілік сұрақтың жауабын белгілеуге 4 сағат уақыт беріледі. Ең жоғарғы шектік балл 140 ұпайды құрап отыр. Науқан шілденің 10-ына дейін жалғасады. Айта кетейік, өңірде биыл 4 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді, соның 85 пайызы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген.

 

Улан Ыдырыс