Спорт

2 алтын, 2 күміс, 4 қола: Астанада дзюдодан халықаралық турнир аяқталды

Астанада дзюдодан “Qazaqstan Barysy Grand Slam” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға әлемнің 35 елінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде ел намысын 54 спортшы қорғады. Жаһан жұрты көз тіккен жарыста отандастарымыз жоғары деңгейде өнер көрсетті. Дәлірек айтсақ, дзюдошыларымыз қоржынға 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль салды. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 3-ші орынға тұрақтады. Бұл – соңғы 4 жылдағы ең үздік көрсеткіш. Айта кету керек, байрақты бәсекеде ел намысын қорғағандардың арасында жерлесіміз Назгүл Маратова да болды. Өкінішке қарай, ол алғашқы айналымда жарыс жолынан шығып қалды.

Нурасыл Ахмет