ЖАНГЕЛДІ ЖАМАЛИЕВ, тілші:
– Уақыт керуені дөңестен құлдилағандай алға жылжып барады. Ұлы Жеңістің 81 жылдығына да жеттік. Бұл – бір адамның тұтас тағдыры мен ғұмырына тең кезең. Жылдар өтсе де майданда таң атырып, күн батырған аталарымыздың ерлігі ешқашан ескірмейді.
Аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауып тұрса да “Мәңгілік алау” алаңына жиналған адамда есеп жоқ. Солтүстік жұрты батырлар рухына тағзым етуге келді. Бейбіт күн – майдангерлердің ұрпаққа сыйы. Мұны көпшілік алдында сөз сөйлеген өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов тілге тиек етті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Сұрапыл соғыс жылдарындағы батырлық пен қайсар рухтың, шексіз жанқиярлық пен темірдей тәртіптен құрылған бірліктің арқасында Отанымыздың азаттығы сақталып қалды. Қанды майдан даласында жанын шүберекке түйіп, шайқасқан жауынгерлердің ерлігі мен тылдың тынымсыз еңбек еткен жандарының қажырлы қайраты, төзімділігі мен табандылығы бүгінгі бейбіт өміріміздің берік іргетасын қалады. Олар Отан үшін от кешіп, болашақ ұрпақтың бақыты жолында өздерін аямады. Сондықтан олардың ерліктері мен адалдықтары ешқашан ұмытылмайды. Бұл ерлік халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жетеді.
Ел басына күн туғанда жанын пида еткен боздақтар жүрек түкпірінен орын алады. Жиналғандар “Мәңгілік алау” ескерткішіне гүл шоқтарын қоймас бұрын батырларымызды 1 минут үнсіздікпен еске аСап түзеген қалың жұрт “Мәңгілік алауға” қарай аяңдады. Жеңіс шеруін бастаған облыс әкімі батырлар ескерткішіне гүл қойып, рухтарына тағзым етті. “Мәңгілік алаудың” маңы қызыл гүлге толды. Жерлестеріміз ата-бабаларының суреттерін биік ұстап, олардың өшпес ерлігін мақтанышпен еске алды. Шеруге қатысушы әр жанның жүрегінде мақтаныш пен мұң қатар өрілген. Мәселен, Ресейден арнайы келген Серғали Кенолбаевтың туған нағашысы Әбу Досмұхамбетов небәрі 23 жасында Днепр бойындағы қанды шайқаста ерен ерлік көрсетті. Ол жаудың темір құрсаулы танкілерін бөгеу үшін шайқасып, қаһармандықпен қаза тапты. Тағдырдың жазуымен оған “Кеңес Одағының батыры” атағы көз жұмғаннан кейін 10 күннен соң берілді.
СЕРҒАЛИ КЕНОЛБАЕВ, ҰОС ардагері Әбу Досмұхамбетовтың жиені:
– Нағашым Әбу Досмұхамбетов 20 жасында соғысқа аттанған. 1943 жылы оның дүниеден өткені туралы қаралы хабар келген. Кейін оған «Қаһарман» атағы берілген, алайда бұл кісі оны біліп үлгермеді, себебі жарлық шыққанға дейін өзі өмірден өтіп кеткен.
Бүгінгі күн – басты байлық. Қала тұрғындары болашақтың әрдайым жарқын болуын тілейді. “Мәңгілік алауға” гүл қою рәсімі аяқталған соң, салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Алаңда соғыс жылдары, Ұлы Жеңіске қатысты әндер шырқалып, жиналған қауым батырлардың өшпес ерлігін әуенмен ұлықтады.
Жангельды Жамалиев