ТЖ

Сүтішев көшесінде болған өрттің алдын ала себебі – сымның қысқа тұйықталуы

Бүгін түнде Петропавлдағы К.Сүтішев көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатынан өрт шықты. Қызыл жалын үш бөлмелі пәтерді шарпыған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар дереу эвакуациялау жұмыстарына кіріскен. Нәтижесінде 42 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 10-ы – бала. Мамандар өртті ауыздықтап, сөндіргеннен кейін тұрғындар қайтадан баспаналарына оралды. Қазіргі таңда өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Болжам бойынша от сымның қысқа тұйықталуынан туындауы мүмкін.

 

Улан Ыдырыс