Қоғам

СҚО-да түріктердің Балалар күні мерекесі аталып өтті

Достық үйінде түріктердің Балалар күні мерекесі аталып өтті. Шараға мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері шақырылған. Мерекелік жиын барысында жеткіншектерге бауырлас елдің ұлттық ойындары ойнатылды, ән айтылып, би биленді. Сонымен қатар, теріскейлік өнерпаздар кішкентай ұл-қыздарға арнап спектакль қойды.

ДИЛЯРА ХАСАНОВА, “Түрік мәдениеті” ҚБ төрағасының орынбасары:

— Біз осы мереке арқылы түрлі ұлт өкілдерінің басын қосамыз. Оларға Түркия елінің бай мәдени мұрасы, тілі және тарихы жайлы кеңінен айтамыз. Бір шаңырақ астында тұрып жатқан соң барлығын біліп, құрметпен қарауға тиіспіз. Сонда ғана бірлігіміз нығайады. Айта кету керек, бұл мейрам өңірімізде 19 жыл қатарынан атап өтіліп келеді.