Құқық қорғау органдары

Петропавлда есірткі сатты деген күдікпен 19 жастағы жігіт ұсталды

Петропавлда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 19 жастағы жігіт ұсталды. Құрықтау кезінде одан ішіне ұнтақ тәрізді зат салынған 19 орама тәркіленді. Сараптама нәтижесінде тәркіленген дүниенің a-PVP деп аталатын психотроптық зат екені анықталды. Синтетикалық есірткінің салмағы 35 грамды құрайды. Қазір аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Күдікті интернет-дүкендердің біріне “жасырын орналастырушы” ретінде бір ай бұрын жұмысқа жалданған. Жігіт қамауға алынды. Есірткі заттарын аса көп мөлшерде өткізу фактісі бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, полицейлер жыл басынан бері заңсыз айналымнан 350 грамнан астам синтетикалық наша тәркіледі.