Өнеркәсіп

“SMBGROUP Family” компаниясы жұмысқа шақырады

Облыстағы индустрияландыру картасына енген маңызды жобалардың бірі – “SMBGROUP Family” компаниясы. 2020 жылы іске қосылған бұл кәсіпорын қысқа мерзім ішінде көпке танылды. Полипропиленнен жасалған қаптама өнімдері нарығында өз орнын нығайтып, Қазақстанның түкпір-түкпіріне және Ресейге сапалы өнім жеткізуде. Компания заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс базасында биг-бэгтер, слинг-бэгтер, вагон ішіне салатын қорғаныш қап және басқа да жұмсақ контейнерлерді шығарады. Өнімдер тапсырыс берушінің қажеттілігіне қарай түрлі нұсқада, нақты өлшемдермен әзірленеді.

ВЛАДИСЛАВ ТКАЧЕНКО, “SMBGROUP Family” ЖШС операторы:

— “Менің міндетім – жіптердің дұрыс қойылуын тексеру. Көбіне техника барлығын өзі істейді. Бірақ, арасында қиылып кететін жіптер болады. Соларды қадағалап, дұрыс айналуын қарап жүремін. Жұмыс аса қиын емес. Бірақ асқан қырағылық қажет. Егер жұмыста қателік кетсе, түгел тауар сапасыз болып шығады. Себебі, бір жіптен біршама қапшық тігіледі.

Компания жақын уақытта жаңа өндірістік цехты іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл – кәсіпорын үшін ірі қадам ғана емес, өңір үшін де маңызды жаңалық. Цехтың жұмыс істей бастауы қосымша еңбек орындарының ашылуына жол ашады. Яғни, тағы 100-ге жуық маман қажет болады. Компания өкілдерінің айтуынша, болашақ қызметкерлерді ұйымшыл ұжым, тұрақты әрі лайықты табыс күтеді.

ВЯЧЕСЛАВ НЕДЕЛЬКО, “SMBGROUP Family” ЖШС бас директоры:

— Жаңадан жарияланған тендерге қатысып жатырмыз. Өздеріміздің мүмкіндіктерін саралай келе кеңеюді шештік. Тағы бір цех ашып, жаңа қызметкерлер іздеудеміз. Үйлерінен алып кетіп, жұмыс біткен соң қайта апарып тастаймыз.

Бұл жерде орташа жалақы 250 мың шамасында. Кәсіпорында тұрақтылық орнаған. Жұмысшылар табысын кешіктірмеу – басшылықтың негізгі міндеті.

 

Мәдина Қаби