Өнеркәсіп

Өңірге жұмыс сапарымен Қорған облысынан арнайы делегация келді

Петропавл электротехникалық зауыты – Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Бұл өндіріс орны 6-10 кВ кернеулі трансформаторлық жабдықтар шығарады. Өнімдер негізінен ТМД елдеріне экспортталады. Ресейлік делегация кәсіпорын жұмысымен танысты.

Келесі нысан – С. М. Киров атындағы зауыт. Кәсіпорынның тарихы сонау 1928 жылдан басталады. Мұнда теміржол және мұнай-газ саласына арналған құрал-жабдықтар өндіріледі. Тәуелсіздік жылдардан бері ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Сондай-ақ, өндіріс орнында шығарылатын Орта Азияда баламасы жоқ 16 қабатты баспа платалары бүгінде еліміздің мақтанышына айналған.

АНУАР КӨКЕН, С. М. Киров атындағы зауыттың инженер-технологы:

— Бұл жабдық баспа платаларын жинауға арналған. Бүкіл процесс автоматты түрде жүреді. Барлығы сапалы, ешқандай ақау болмайды. Сондай-ақ, платаларды жуу процесі де жүргізіледі. Ешқандай кір қалмайды. Кейін олар қолмен жинау учаскесіне жіберіледі.

М. С. Киров зауытында қазіргі уақытта өндірісті автоматтандыру мен цифрландыру жұмыстары жақсы дамыған. Қорған делегациясының қатарында түрлі саланың өкілдері, соның ішінде зауыт директорлары болды.

ВЛАДИМИР КАЗАКОВ ,”Варгашинский атындағы өртке қарсы және арнайы жабдықтар зауыты” АҚ бас директоры:

— Мен СҚО-да бұған дейін де болдым. Өнеркәсіп саласында даму процесі жақсы жүріп жатқаны көрініп тұр. Біз барған зауыттарда цифрландыру бағыты айқын байқалады. Заманауи технологиялар қолданылып жатыр. Бұл іс-сапар өзара тәжірибе және пікір алмасуға септігін тигізеді.

Кәсіпорындардың жұмысымен танысқан ресейлік делегация өкілдері және өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Абай мен Пушкин ескерткіштеріне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Іс-шара барысында ұлы тұлғалардың өлеңдері оқылып, олардың шығармашылығы мен рухани мұрасына құрмет көрсетілді.