Көрсеткіш күн сайын емес, сағат сайын өзгеріп жатыр! “Қазгидромет” өкілдерінің хабарлауынша, Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 244 см-ге жетті, бұл өткен тәулікпен салыстырғанда 13 см жоғары. Ал ернеуден асқан тіршілік көзінің биіктігі 35 см құрайды. Бұдан өзге де ақпар ұсынамыз. Тоқсан би ауылының жанындағы Есіл өзеніндегі деңгей – 168 см, Петропавлда 100 см құрайды. Бұл ретте Шат өзенінде су деңгейінің 50 см-ге, Қамысты өзенінде 26 см-ге және Шағалалы өзенінде 11 см төмендегені байқалады.