Konstitutsia banner mobile

Құқық қорғау органдары

Игі іс

Игі іс жасаудан теріскейлік тәртіп сақшылары да қалыс қалар емес. Полиция қызметкерлері жер үйде тұратын жалғызбасты қарт адамдардың ауласын қардан тазалап жатыр. Осы орайда жылдам қимылдайтын арнайы жасақ офицерлері мен аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлері мен олардың жесірлеріне қолғабыс етті. Аталған қайырымдылық шарасы «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды.

 

Данаш Хамза