Болашақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы байқау! Петропавлда дәстүрлі “Жас қаламгер” конкурсы ұйымдастырылды. Облыстық деңгейдегі дода алдағы Тәуелсіздік күніне арналды. Биыл бірнеше ауданнан келген және жергілікті 60 қатысушы “Мектеп газеті” және “Видеорепортаж” аталымдары бойынша бақ сынады. Талантты да талаптар балалар қазылар алқасына егемендікке қатысты және еркін тақырыптағы жұмыстарын таныстырды. Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жоғары ұпай еншілеген ұл-қыздарға дипломдар табысталды.
САЯН ЕРМЕК, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі:
– Бұл байқау жыл сайын ұйымдастырылады. Дәрежесі көтеріліп келеді. Мақсатымыз – талантты жастарға жол көрсету.
Байболат Құлтанов