Білім

Қаңтарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жүйе іске қосылады

Петропавлда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды. Кеңесте мектепте бейнеталдау жасайтын жүйе жайлы айтылды. Бұл жоба еліміз бойынша алғаш рет біздің өңірде қолға алынып отыр. Ол қараша айынан бастап Петропавл қаласындағы мектептердің бірінде іске асырылуда. Елордалық “Protector AI” фирмасының өкілдері ұсынған қауіпсіздік жүйесі әлеуметтік нысандардағы жағдайларға бейнеталдау жүргізеді. Егер балалар агрессивті мінез-құлық таныста, яғни төбелессе, жүйе мектеп директорының телефонына немесе Telegram ботына бейнеролик жібереді. Келесі жылдың қаңтарынан бастап бұл жоба қаланың барлық мектептерінде іске асырылатын болады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі арнайы өткен жиында талқыланды. Басқосуға прокурорлар мен полицейлер, педагогтар мен балалар, отбасы және әйелдер құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА, СҚО бойынша балалар, отбасы және әйелдер құқықтары жөніндегі уәкілі:

– Барлығы өткен жылы Уәлиханов ауданында және қалалық 4-ші мектепте болған жағдайды білетін шығар. Резонанстық оқиғаларға қатысты комиссия құрылып жатыр. Біз оқиға орнына барып, анықтау жұмыстарын жүргіземіз. Әсіресе, профилактикаға басымдық береміз. Осы мақсатта мектептерді аралап, семинарлар өткіземіз.

 

Мәдина Қаби