Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Қопайда” 4 үйдің құрылысы аяқталуға жақын

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “Қопайдағы” үйлердің құрылысын тексерді. Мұнда жаңа шағын ауданның келбеті пайда болуда. Қазір 605 пәтерлік 7 көпқабатты үй салынуда. Бұл – кезекте тұрғандар үшін несиелік баспана. 4 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Инженерлік желілер де тартылып жатыр.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бұл шағын ауданда барлығы 3,8 мың пәтерлік 27 үй салынбақ. Әлеуметтік нысандар – мектеп, балабақша мен емхана да тұрғызылады. Тозығы жеткен үйлердің орнына жайлы өмір сүруге арналған болашағы зор шағын аудан бой көтермек.

Қаланы аралау барысында өңір басшысы бюджеттік және коммерциялық үйлердің де құрылыс барысын бақылады. Петропавлда қазір барлығы 32 тұрғын үй салынып жатыр, оның 20-сы жеке компаниялардың есебінен бой көтеруде.

 

Байболат Құлтанов