Өңірде орақ науқаны аяқталуға жақын. Бүгінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген аумақтың 3 млн гектарынан астамы
жиналды. Бұл – бүкіл жұмыс көлемінің 96,9%. Астықтың 6 млн тоннаға жуығы бастырылды. Орташа өнімділік гектарына – 18 центнер. Өткен жылы бұл көрсеткіш 10,5 центнерді құраған.
Негізі, өңірде бірқатар агроқұрылым бүкілін орып болған. Көбінде астық берекелі шыққан. Кейбіреуінде тіпті 40-50 центнерден жиналған. Сондай-ақ, қазір майлы дақылдарды жинау жұмысы қызу жүріп жатыр. Майлы дақылдар егілген аумақтың жартысына жуығы орылыпты. Бір гектардың берекелігі 11,5 центнерден айналуда.
Еске сала кетейік, облыста 3,2 млн тонна астық сыятын 46 элеватор бар. Бірқатар агроқұрылымның өзінің астық сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр. Нысандарға жеткізіліп жатқан бидайдың 41 пайызы 3-ші класты болса, 46 пайыздан астамы 4-ші класты.
Данаш Хамза