Ұлттық ұланның әскери академиясында айтулы оқиға орын алды. Академия басшылығы мен Қызылжар ауданы білім бөлімінің басшысы арасында ынтамақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат екі мекеменің білім саласындағы ұзақ мерзімді және жемісті әріптестік байланысының негізін қалайды. Яғни, 2026 жылдан Әскери академия қабырғасында “Сардар” үйірмесі ашылады. Ол жерге Қызылжар ауданының оқушылары келіп, алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Мамандардың айтуынша, үйірме балаларды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге ықпал етеді.
Мәдина Қаби