Балалар

Облыстық балалар ауруханасына жатқызылған балалардың көбі құлап жарақат алған

Ойын баласы оңды-солын байқамаса, бір келеңсіз жайтқа тап болуы әбден мүмкін. Полиция қызметкерлерінің айтуынша өңірде жасөспірімдердің түнде қыдыруы, рұқсат етілмеген жерде суға түсуі, жол-көлік апатына ұшырау фактілері, әсіресе, жаз кезінде жиілейді екен. Биыл суға шомылу маусымы басталғалы 3 бала батып кетті. Облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне мыңнан астам бала жүгініп, оның 130-дан астамы жарақатына байланысты жатқызылған. Көбі велосипед пен әткеншектен құлаған. Әткеншек тепсе де, суға түссе де, жолдан өтсе де бала қарапайым қауіпсіздік қағидасын білуі қажет. Қала маңындағы қос лагерьді аралаған полиция қызметкерлері балаларға осы жайында айтты.

ЖАНАТ МҰСТАФИНА, қалалық ПБ ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы:

– В каникулярный период сотрудники УП посетили детские оздоровительные лагеря «Берёзка» и «Достык», где были проведены лекции на темы ведения себя в общественных местах, в водоёмах, в ночное время.

Әңгіме барысында ерекше мән берілген тақырып – жолдағы қауіпсіздік. Жасөспірімдер жолда жүру тәртібін білмесе де самокатпен желдей жүйткіп жүреді. Тәртіп сақшылары тағы да балалардың қаперіне салды: көлік жүретін жерде электросамокатты 18 жасқан асқандар және тиісті куәлігі барлар ғана басқара алады. Ал тротуарда ешкімді қақпай-соқпай жүру керек, адамға кедергі келтірмеу керек.

– Говорили про знаки дорожного движения, как правильно переходить дорогу и рассказывали ещё много чего интересного.

Түсіндіру шарасына криминалдық полиция қызметкерлері де қатысты. Олар интернет-алаяқтар туралы айтты. Әдетте жастар сенгіш келеді. Қулар оларды «дроппер» ретінде де пайдалануы мүмкін. Яғни түйер ой: бөтенмен сөйлеспеу керек, ешкімге банк картасын бермеу керек. Ал ата-аналар өз тарапынан баласының аттаған әр адымынан хабардар болып отырса дейді полицейлер. Сонда бала аяғын шалыс баспайды, ата-ана налымайды, заң бұзылмайды.