Аптадағы маңызды жаңалықтар

5 жыл ішінде 254 ауланың құрылысын аяқтау қажет – Ғауез Нұрмұхамбетов

Универсальная көшесіндегі жол өтпесі Жұмысшы кенті мен қала орталығын байланыстырады. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың күзінде басталған болатын. Қазір мұнда көпір салынып, сумен жабдықтау желілері ауыстырылып жатыр. Іске 6 техника тартылып, 15 адам жұмылдырылған.

РҮСТЕМ ТҰРЖАНОВ, «БУКА» ЖШС директоры:

– Шілдеден бастап жаңа жұмыс кестесі құрылады. Яғни құрылыс жұмыстарына 100-ге жуық адам мен 50-60 техника тартылмақ. Қазір құбырлар ауыстырылып, бағандар орнатылып жатыр.

Жоба құны – 5,3 млрд теңге. Ұзындығы бір шақырымға жуық жол өткелі 2025 жылы пайдалануға беріледі. Қазір мұндағы құрылыс жұмыстары 20 пайызға аяқталған.

– Кроме асфальта, на следующий год – конструктив, дорожная одежда, подпорная стена, развилка с двух сторон. Кроме асфальта, освещения, кабеля будут протянуты, так, да?
– Все будет, да. И еще, самое главное, устройство монолитно-накладной плиты 34% мы тоже оставляем на будущий год. Мы в ноябре месяце окно берем, устанавливаем балки, но в ноябре нет смысл заливать бетон, мы его сразу на 2025 год оставляем.

Сондай-ақ, Петропавлда аулаларды абаттандыру жұмыстары да жүріп жатыр. Хименко көшесіне жарық пен бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған. Ал балалар үшін футбол, баскетбол, волейбол ойын алаңдары салынбақ. Құрылыс жұмысын 15 жылдан астам еңбек өтілі бар мердігер компания жүргізбек.

ЕЛЕНА БОНДАРЕНКО, «ONE SERVICE» ЖШС бас директорының орынбасары:

– Ойын алаңдары салынды. Жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы бөлінді. Дегенмен, бұл орынды күтіп ұстау сіздердің жауапкершіліктеріңізде екенін ұмытпау керек.

Ауланы абаттандыру жұмыстарына 60 млн теңге жұмсалмақ. Құрылысқа 12 адам мен 4 техника жұмылдырылған. Биыл мұндағы мердігер компания жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 60-қа жуық аула құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– 60 ауланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Яғни 1,5 млрд теңге игерілуі тиіс. Жыл сайын аула құрылысына 1,5 млрд теңге бөлінетін болады. Нәтижесінде 5 жыл ішінде 254 ауланың құрылысын аяқтап, тұрғындарға тапсыруымыз қажет. Қала әкімінің алдына осы міндет қойылады.

Еске сала кетейік, Петропавлда барлығы – 600-ге жуық аула бар.