МТРА жаңалықтарыҚоғам

Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің жұмысы

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Дамир Тоқтамысов алғашқы жартыжылдықты қорытындылады. Биыл мемлекеттік органға мемлекеттік бақылау және реттеу бағытында 47 өтініш түсіпті. Солардың бірі негізінде «Қамқор 2023» серіктестігіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде сумен жабдықтайтын табиғи монополия субъектісі заңнын ала жібін аттағаны анықталды және 516 880 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынған. Бүгінде аталған сома толық өндіріліпті.

ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Департамент 65 реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша 53 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейді, оның ішінде су және сарқынды су жүйесі саласында – 33 қызмет, электр энергетикасы саласында – 2 қызмет, жылумен жабдықтау саласында – 20 қызмет, кірме жолдар саласында – 10 қызмет.

 

Байболат Құлтанов