Экология

Петропавлда «Сlear-FEST» экофестивалі өтті

“Таза Қазақстан” акциясы аясында қалада «Сlear-FEST» экофестивалі өтті. Іс-шараға жас еріктілер мен егде жастағы волонтерлер қатысты. Олар іргедегі Мещан орманын қоқыстан тазартты.

БЕЙБІТ ӘБІЛОВ, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

– «Таза Қазақстан» акциясына қатысып отырмыз. Біздің ардагерлер кеңесінің жанында құрылған еріктілер қатысып. Мақсатымыз – тұрған жерде, жан-жағымызда тазалық болсын, тазалық болса денсаулық болады дейді. Сондықтан, барлықтарыңызды осы күнмен құттықтаймын.

Фестивальдің ерекшелігі – қоқысты жарысып жүріп жинау. Жиналғандар топ-топқа бөлініп, аумақтағы қоқысты белгіленген уақыт ішінде жинап шығулары керек. Содан кейін қоқыс салынған қаптар таразыға салынып өлшенеді.

ЖҰЛДЫЗ ТОҚТАРҒАЗЫ, қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:

– «Таза Қазақстан» акциясы аясында биылғы жылды өздеріңіз білесіздер су басу, апаттық жағдайлар көп болды. Соның салдары қазір жаздың күні қоқыс түрінде көп келіп жатыр. Сол қоқысты тазалау барысында көп қол керек. Бұл ретте балаларды, студенттерді жинап, жай ғана жинау нәтижеге әкелмейді. Бұларды топқа бөліп, жарыстырсаңыз бір-екі сағаттың ішінде өте көп қоқыс жиналады. Бұл үлкен нәтиже.

Қоқысты көп жинаған командалар 1,2 және 3-ші орындарға ие болды. Оларға арнайы сыйлықтар мен грамоталар табысталды. Жалпы, «Сlear-FEST» экофестиваліне 150-ден астам адам қатысты.

 

Гүлден Сембаева