Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барды

Өңір басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл ауданы Благовещенка ауылында орналасқан «Екпін 2002» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Қожалық еділбай тұқымды қой өсірумен айналысады. Бұл істі 2016 жылы бастаған шаруашылық қазіргі кезде жақсы қарқын алған.

ӨМІРСЕРІК ӘБИЕВ, «Екпін 2002» ЖШС директорының орынбасары:

– 2016 жылы біз бірінші қой алдық, оны досрочно жаптық. Қай жерден алдыңдар. Батыс Қазақстан Бірлік ауылынан алдық. 2021 жылы біз СПК солтүстіктен 159 млн-ға тағы да қой алдық. 18-23 жылға дейін біз қой өнімін саттық.

Өңір басшысы бұл қожалықтың жұмысына оң баға беріп, аудан басшылығына шаруашылықтың өсуіне көмектесуді тапсырды. Одан бөлек облыс әкімі осы елді мекенде орналасқан «Атамекен Агро» ЖШС жұмысымен де танысып қайтты. Егіншілікпен айналысатын шаруашылық биылғы жылы көктемгі дала жұмыстарын уақытылы аяқтағандарын айтады.

САЙЛАУБАЙ ӨМІРСЕРІК, «Атамекен Агро» ЖШС директоры:

– Қожалықта 2 кіші элеватор бар. Қазіргі таңда олар бос тұр. Жақын арада фунигация жүргізіледі. Содан соң біз қайта қабылдауға дайын боламыз. Екі жыл ішінде шаруашылыққа бөлінген инвестиция үлкен болды. 5 Хоршлеп маркалы бүріккіштер сатып алынды. Бұл қондырғының ұзындығы 36 метрге дейін жетеді. Қазіргі таңда барлығы егістікте жұмыс жасауда.

Бұл елді мекенде тағы да мал шаруашылығымен айналысатын азаматтардың бірі – Владимир Мысов. Қазіргі таңда бұл шаруашылықта 32 бас жылқы бар. Шаруа қожалығы басшысының айтуынша, алдағы уақытта бұл көрсеткішті арттыру жоспарланып отыр. Ол үшін мемлекеттік «Ауыл аманаты» жобасынан көмек күтуде.

ВЛАДИМИР МЫСОВ, «Мысов» ЖК директоры:

– Қожалығымыздың басты мақсаты – жылқы басының санын арттырып, жақсы сападағы ет және сүт өнімдерді шығару. Қазір осы жылқыларды орналастыру мақсатыНда екі ғимаратты қарастырып қойдық. Жақын арада сатып алуды көздеп отырмыз. Алдағы уақытта «Ауыл Аманаты» жобасының көмегімен мал басын арттыруды көздеп отырмыз.

Облыс әкімі жасалып жатқан шаруашылық жұмысына оң бағасын беріп, мемлекет қолдауынан тыс қалмайтынын айтты. Ол үшін аудан әкіміне бұл сұрақты жеке бақылауына алуды тапсырды.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жігіттер шаруашылықты жаңа бастап жатыр. Заңды түрде қандай көмек жасауға болатынын қарастырып көріңіздер. Бұл бастама өте жақсы. Аудан әкіміне жеке бақылауға алуды тапсырамын.

Сондай-ақ, өңір басшысы Пресновка елді мекенінде орналасқан «Агротехника Жамбыл» ЖШС салып жатқан сүт-тауарлы фермасының құрылыс жұмысымен де танысып қайтты. 2003 жылы құрылған қожалық бүгінде 14 мыңнан астам жерге дәнді және майлы дақылдарды өсірумен айналысады. Қазіргі таңда 400 бас Гольшитин тұқымды ірі қара малға арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысын бастаған. Нысанды 2024 жылдың қараша айында тапсыруды көдеп отыр.

ОЛЕГ ГРИГОРЬЕВ, «Агротехника Жамбыл» ЖШС директоры:

– Жобаның жалпы құны 2,5 млрд тенгені құрайды. Оның 800 млн теңгесін қондырғылар мен ірі қара мал сатып алуға әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация берсе, 1 млрд 300 млн теңгесін ислам банкі ұсынды. Бірінші кезеңде 20 жұмыс орнын қамтуды көздеп отырмыз. Алдағы уақытта ферманы ұлғайтып тағы жұмыс орындарын арттыруды көздеп отырмыз.

Облыс әкімі Жамбыл ауданына жұмыс сапары кезінде ауданішілік жолдардың жөндеу жұмыстарымен де танысып қайтты. Пресноредудь ауылынан облыстық шекераға дейінгі жолдың жөндеу жұмысы 90 пайызға аяқталған. Бұл жұмысқа 100 млн тенге сомасында қаражат бөлінген.

ОЛЖАС ӘМІРОВ, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Біз қазір Пресноредудь – облыс шекарасы аумағында тұрмыз. Былтырғы жылы біз материалдарды дайындау жұмыстарын жүргіздік, ол мақсатқа 100 млн теңге бөлініп, толық көлемде игерілді. Биыл жұмыстың 90 пайызы аяқталды. Келесі жоба бізде Железное – облыс шекарасы. Екі жобада да бір мердігер. Қазіргі таңда жұмыстар басталды.

Облыс әкімі жұмыстың атқарылу барысымен танысып мердігер ұйымға жақсы сапалы жолды салуды тапсырды.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жұмысты қашан аяқтайсындар? Мен сіздерге жолды сапалы жасауды тапсырамын. Техникалық қадағалау басқармасы жеке бақылауға алсын.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Пресноредудь ауылында жаңадан ашылған наубайхананың жұмысымен де танысып қайтты. Бұл сынды наубайхана ауылда бұрын-соңды болмаған. Наубайхана күніне 500-ге жуық нан әзірлейді. Әзірге, бұл кәсіпорнында 2 адам жұмыс жасайды. Алдағы уақытта жұмыс орындарын арттыру көзделіп отыр.

РУСЛАН АСХАБОВ, «Медний» ЖШС директоры:

– Наубайхана күніне 500-ге жуық нан әзірлейді. Біздің ауылға 150-200 нан жеткілікті. Қалғанын көрші ауылдардың тұрғындары алып кетеді. Мен өзім осы жердің тумасымын. Қазіргі таңда егістікпен айналысамын. Жалпы, 2208 мың гектар жер бар. Шаруашылықта 18 адам қызмет атқарады. Жалақылары 150 мыңнан басталады.

Сондай-ақ, облыс әкімі Пресноредудь ауылында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының аясында салынып жатқан, мәдени демалыс орталығының жұмысымен де танысып қайтты. Бұл жоба бұрынғы сауда орталығын қалыпқа келтіру аясында жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы сомасы 200 млн теңгені құрайды.

– Адамдар қанша істеп жатыр осында. Қазір 16 адам. 200 млн-ды 16 адам үлгере аласыңдар ма? Қашан бастадыңдар? Майдың 16-сы бастадық. Қашан бітіру керек? Келесі жылы. Сапасын қарандар.

Кейін өңір басшысы Пресновка ауылдық округінің орталығында, «Таза қазақстан» жобасының аясында абаттандыру жұмысымен танысты. Жобаның жалпы құны – 274 млн 385 мың тенгені құрайды. Биылғы жылға 150 млн теңге сомасында қаражат бөлінген. Бұл жерде велосипед жолағын, воркаут аймағы, балалар алаңын салу жоспарлануда.

ҚАЙРАТ САНСЫЗБАЕВ, Пресновка ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы:

– Бұл жерде балалар ойын-сауық алаңы, сондай-ақ, воркаут аумағы, далалық тренажерларды орнату жоспарлануда. Бұдан бөлек барлық аумақ бойынша жарық шамдар орналастырылатын болады.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі «Лесная поляна» балалардың жазғы сауықтыру лагеріне де барып қайтты. Бұл маусымда 300-ге жуық баланы сауықтыру көзделіп отыр. Бұл лагерь басқа сауықтыру лагерьлерінен қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау және ұлттық патриотизмге баулумен ерекшеленеді.

Сауықтыру лагері балаларға ұлттық ойындарды дәріптеу, қыздарға кілем тоқу мен елінің патриоты болу мақсатын насихаттаумен айналысады. Өңір басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, балалардың денсаулығына көңіл бөлуді тапсырды. Жұмыс сапары барысындағы соңғы нысандардың бірі болып Казанка ауылындағы «Шатило и К» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Ол жерде өңір басшысы Жамбыл ауданының шаруа қожалығы басшыларымен кездесіп алдағы мақсаттар мен міндеттер жайында сөз қозғады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Шаруашылықты жүргізу төңірегінде бірқатар мәселелер бар. Бірақ, оның барлығын шешуге болады. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан шаруашылықты жүргізуге қаржыландыру жалғасуда. Қазірдің өзінде 20 млрд сомасында өтініштерді жинап алдық. Сондықтан да қаражат жеткілікті. Оның барлығын әлеуметтік кәсіптік корпорация арқылы заңды түрде ала аласыздар. Сондықтан да «Кең дала-2» бағдарламасы арқылы иелене аласыздар. Алдағы уақытта жұмысты тек күшету керек.

Жұмыс сапары сонында өңір басшысы Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Ол жерде аудан әкімі мен облыс әкімі халық алдында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.

АЗАМАТ БЕКТАСОВ, Жамбыл ауданының әкімі:

– Ауыл шаруашылық құрылымдары көктемгі егіс жұмыстарын толық аяқтады. Дәнді дақылдық егістер алқабы – 323,5 мың гектар, оның ішінде 238,7 мың га жерге 66,4 мың га жерге – майлы, 1,3 мың га картоп пен көкеніс егілді және 17 мың мал азығы енгізілді.

Жиын сонында тұрғындар өңір басшыларына сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Өз кезегінде облыс әкімі аудан басшылығына барлық туындаған мәселелерді жеке бақылауға алып жақын арада шешіп беруге тапсырды.

 

“Первый Северный” телеарнасы