Қоғам

Достық үйіндегі ерекше іс-шара

Кеше кешке облыс орталығында түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, Достық үйіне кіріп қалсаң, көзге бірден фантастикалық ертегі кейіпкерлері түседі. Мұның бәрі «Орта ғасырлар сиқыры» шарасының бір бөлігі ғана. Әрі қарай жүрсеңіз қиял-ғажайып көрме көздің жауын алады. Мұнда «Үш троль» шеберханасында жасалған қару-жарақтар жайылған. Көзбен көріп, қызықтау былай тұрсын балалар киімдерді киіп көріп, өзін нағыз ортағасырлық рыцарь сезіне алады. Ұйымдастырушылар түрлі кейіпкерлердің образына кіріп, балалардың көңілін барынша аулады. Іс-шара Достық үйінің ішінде де, сыртында да жалғасты.

 

Ақжүніс Мұқатай