Sailau banner

Қоғам

Түрік қауымдастығы Аналар күнін атап өтті

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясындағы “Түрік мәдениеті” ұйымы Аналар күнін атап өтті. Бұл айтулы дата Түркияда мамыр айының екінші жексенбісінде тойланады екен. Этномәдени бірлестік өкілдері ештен кеш жақсы деп мейрамды атап өту рәсімін жайма-шуақ жазға қалдырыпты. Өйткені, көктемде өңірде тасқынмен күрес жүрді. Түркияда қазақ халқында сияқты анаға деген ықылас та, құрмет ерекше. Мерекелік іс-шара барысында балалар ана-әжелеріне махаббаттарын жеткізді. Сонымен қатар, жиында тасқыннан зардап шеккен қос тұрғынға гуманитарлық көмек көрсетілді.

ДИЛЯРА ХАСАНОВА, «Түрік мәдениеті» ҚБ төрағасының орынбасары:

– Ана – ол ақылшы, қамқор жан, әр адамның өміріндегі ең қымбат адам. Бұл мерекені біз жыл сайын атап өтеміз. Келген қонақтарға түріктердің салт-дәстүрін, ырымдары туралы айтамыз. Не себепті жастар үлкендердің қолдарынан сүйіп, маңдайына басатынын түсіндіреміз. Олар осылай үлкендердің батасын алады.

 

Гүлден Сембаева