Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да жолдарды жөндеуге бөлінген қаржы толық игерілмеген

Облыста аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 23,3 млрд теңге бөлінген. Бірақ, бүгінге дейін бұл қаражаттың тек 18 пайызы, яғни 4,2 млрд теңгесі ғана игеріліпті. Жалпы, қазір 145 жол жобасы іске асырылып жатыр. Оның 16-сы – облыстық маңызы бар, 49-ы – аудандық маңызы бар жол. Ал елді мекендердегі көше жолдарын жөндеуге қатысты 57 жоба қолға алынған. Тағы Петропавлда 23 жоба бар.

ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 11,6 млрд теңге бөлінді. Қазір 8 жол жобасының жұмыстары жүріп жатыр. Ондағы жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталады. Сондай-ақ, Андреевка-Бостандық ауылдарының арасындағы 11 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіледі. Өткен жылы 4 км-і жөнделді. Биыл 3 шақырым жолға жабын төселеді. Қазір ондағы жұмыстар басталып кеткен.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кейбір аудан әкімдерінің жұмысын сынға алды. Себебі, жол жобаларына қарастырылған 15 млрд теңге игерілмей қалған. Мемлекеттен қаржы бөлінгенімен сапалы жолға әлі қол жеткізе алмай отырмыз.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Сегодня общественность не получает дорогу. Есть средства, есть деньги. Переходящие объекты на какую сумму, где акимы районов являются заказчиками? 15 млрд.

Биыл жолдарды қайта қалпына келтіріп жаңартуға, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына барлығы – 22 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бүгінде оның 41 пайызы, яғни 9,3 млрд теңгесі игерілді.

ҚАНАТ ӨСЕРБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ СҚОФ директорының міндетін атқарушы:

– «Челябі-Новосібір» автожолдарын қайта қалпына келтіру барысында 18 км асфальтбетон төселді. Жобаны аяқтау үшін тағы 12 шақырым жол төсеу керек. Биыл 6,1 млрд қаржы бөлініп, оның 2,2 млрд-ы игерілді. Жолдарды күтіп ұстау үшін 3 млн 536 мың теге қарастырылған. Оның 2 млн-ы игерілді”.

Өкінішке қарай, кейбір жөнделіп жатқан жолдардың сапасы сын көтермейді. Облыс әкімі Ғауез Торсанұлы жауаптыларға жобаларды сапалы әрі мерізімінен кешіктірмей аяқтауды тапсырды. “Жол мәселелерін шешу үшін мемлекеттен бөлініп жатқан қаржы қыруар. Сондықтан, нәтиже де жақсы болуы тиіс”, – деді.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының:

– Жамау-жамау жолдардың кесірінен апаттар жиі болып, көліктер кюветке ұшып кетеді. Өйткені, шұңқырларға асфальт дұрыс төселмейді. Нәтижесінде жол тегіс болмайды. Сондықтан, тұрғындар, әрине, шағымданады. Қаржы бөлінді. Жұмыс сапалы болуы тиіс.

Әрі қарай әкімдік отырысында суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік сөз болды. Еске сала кетейік суға түсу маусымы басталғалы облыста үш бала суға батып кетті.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Тұрғындар рұқсат етілмеген жерлерде шомылады. Салдары осындай қайғылы оқиғаларға алып келеді. Есіл, Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Айыртау аудандарындағы су айдындарында арнайы «Шомылуға тыйым салынған» – деген белгілер мен баннерлердің жоқ екені анықталды.

Петропавлда шомылуға рұқсат етілген 2 орын бар. Дегенмен, Есіл өзені маңындағы жағажай су тасқыны кезінде ұзындығы – 1,5-2, тереңдігі 5,5-6 метрге дейін шайылып шайылып кеткен. Сондай-ақ, ТЖД мамандары тексеріс барысында тағы бірнеше жағажайдың түбі тереңдеп кеткенін анықтаған. Енді облыстағы 60 жағажайдың тек 50-інде суға түсуге болады.

 

“Қызылжар” телеарнасы