ТКШ

Облыстық аурухана маңындағы құбырды жөндеу жұмысы таяу арада аяқталады – Қызылжар су

Қалада Театральная көшесіндегі кәріздік коллекторды жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Әбден тозған жүйе көктемде сыр берді. Еріген қар суы құйылып, құбырдың үстіңгі бөлігі құлаған. Апаттық жағдайдағы коллекторды ауыстыру жұмысы аяқталып қалды. Апта соңына дейін қалған 60 метрлік бөлігі орнатылады. Ал оған дейін ішке құйылған ағынды су коллектор толып кетпесі үшін сорғымен сорылып, сыртқа шығарылып отырған. Интернационал көшесіндегі екі үйдің жертөлесінің суға толып кетуін мамандар сол жердегі құбырлардың сөгілуімен түсіндірді. Бұдан кейін аталған ауданда осыған ұқсас апаттық жағдай туындамапты.