Sailau banner

Қоғам

Қазақстандықтардың 40 млрд теңгеге жуық қарызы кешірілген

Соттан тыс және сот банкроттығы рәсімдері бойынша қазақстандықтардың 40 млрд теңгеге жуық қарызы кешілірді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты. Соттан тыс банкроттық бойынша 102 мың адам арыз берген, алайда осы рәсімнің талаптарына сәйкес болмағандықтан біразы кері қайтарылыпты. Мәселен, азаматтың атында мүлік болса, ол соттан тыс банкроттық рәсіміне қатыса алмайды. 34 мың қазақстандықтың мүлкі болған, бұл қабылданбаған арыздардың шамамен 44 пайызын құрайды. 8 мың арыз бойынша соттан тыс банкроттық шегі артық болған.

ЕРЖАН БІРЖАНОВ, ҚР қаржы вице-министрі:

– Бұдан басқа соттық режимде де арыздар қаралды. Ол арыздар бойынша 12,2 млрд қарыз кешірілді. Екі процедура бойынша кешірілген сома 40 млрд-ты құрайды.

 

Гүлден Сембаева