Аң аулау кезіндегі қауіпсіздік – полиция қызметкерлері мен қорықшылар кездесіп, осы мәселені талқылады. Екі тарап арасында тиісті нұсқаулық өткізу жайында өткен жылы жасалған келісім бар. Тәртіп сақшылары өз тарапынан тиісті жұмыс жүргізіп тұрады: қару иелерін тексереді, тұрғындар арасында түсіндіру шараларын ұйымдастырады. Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусиннің айтуынша атқарылған алдын алу шараларының нәтижесінде былтыр өңірде аңшылық қаруды қолдануға қатысты ешқандай келеңсіз жайт тіркелмеген. Жиын соңында қорықшылардың қойған сұрақтарына жауап беріліп, әріптестікті нығайту туралы келісілді.
– Запишите мой прямой личный телефон сотовый, кому нужно, чтобы я был с вами, скажем, на связи.