Спорт

Жамбылдық жастар есірткіге қарсы

Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған спорттық іс-шара Жамбыл ауданында да өтті. Жергілікті Жастар ресурстық орталығының өкілдері талантты жеткіншектерді жинаған. “Есірткіге жол жоқ” қағидатын ұстанатын балалар басқосу барысында күрестің түрлі әдістерін көрсетті. Айта кету керек, биыл облысымызда зиянды затты таратудың 64 фактісі тіркелген. Оған қатысы барлардың 50 пайызы 25 пен 78 жас аралығындағы жандар болса, қалғаны – оң-солын айыра білмеген жастар. Барлығы – 22 кг есірткі тәркіленген. Оның ішіндегі 5 келі – синтетикалық ұнтақ. Ал ең көп табылғаны – марихуана.