Sailau banner

Қоғам

Студенттер Ақ Ирий қалашығында қазба жұмыстарын жүргізуде

Солтүстік Қазақстан облысында еліміздің түрлі тарихи кезеңдеріне байланысты түрлі мұражайлар мен көрікті жерлер көп. Олардың арасында бірегей ескерткіш – Ақ Ирий ерекше орын алады. Аталған ескі қала Қызылжар ауданына қарасты Долматово ауылында орналасқан. Жыл сайын бұл жерде ғалымдар мен студенттердің басын қосатын экспедиция ұйымдастырылады. Игі бастама биыл да қолға алынды.

Тарихшылар Ақ Ирий қаласын V-ші ғасырға, яғни Сақ дәуіріне жатқызады. 20 жылдан астам уақыт бұрын белсенді зерттеле бастаған жерден бір кездері қорғаныс шұңқырлары, қорғандар және басқа да бекіністер табылған.

АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ доценті:

– 1968 жылы тамызда бұл жерге Грищенко, Кононцев үшеуіміз келдік. Көне қонысты зерттедік. Десе де, әлі де көп дүние бізге жұмбақ. Қазба жұмыстарынан кейін табылған құрылыстар мен ойпаттарды тексеруді ұйғардық. Олар неге мұнда орналасқанын білгіміз келді. Қазірдің өзінде қазу кезінде біз оның функционалдық мақсатын толық түсінбей отырмыз.

Көне қаланың ауданы шамамен 25 мың шаршы метрді құрайды. Қазба жұмыстары кезінде ғалымдар әлі күнге дейін тұрғын үйлерді, тұрмыстық заттар мен жануарлардың сүйектерін табуда. Қазір археологтар көне қонысқа іргелес аумақты да зерттеп жатыр.

НАТАЛЬЯ КОВШОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ Ұлы Даланың тарихи-мәдени мұрасын зерттеу орталығының зертханашысы:

– Екі жыл бұрын пеш деп саналған құрылымдар табылған болатын. Үш аптаның ішінде нәтижеге қол жеткіземіз деп сенейік. Кеше аз болса да біраз нәрсе бегілі болды. Мәдениеттің жемісі жергілікті білім ордасындағы зертхана мен Ұлы Даланың тарихи-мәдени мұрасын зерттеу орталығына қойылады. Кейін облыстық тарихи-өлкетану музейіне беріледі.

Археологиялық қазба жұмыстарына 30-ға жуық қыз-жігіт жұмылдырылған. Олар бір жетідей осы аумақта болып, тарихқа біртабан жақындай түседі. Мұндағы студенттер мен тәлімгерлерді ең қызықтырғаны – Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағының дәл осы жерлерде болғаны.

АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ доценті:

– Осы немесе басқа табылған құрылымдардың қай уақытқа тиесілі екенін әзірге айта алмаймыз. Зерттеуге деген зор қызығушылық осында жатыр.

Мұнда археологтардан бөлек астрономдар да жұмыс істейді. Жастар геодезиялық құралдардың көмегімен теориялық білімдерін тәжірибемен толықтырады.

СЕРГЕЙ САРТИН, М.Қозыбаев атындағы СҚУ доценті:

– Кез келген астроном тек жерді суретке түсірумен ғана айналысып қоймай, сонымен қатар арнайы жабдықтың көмегімен аспан денелерінің орнын анықтауы керек. Яғни, қарапайым позициялау аспаптар мен визуалды анықтау арқылы анықталады.

Қатарластарымен бірге оқу тәжірибесінен өтуге келгендердің ішенде Артем Немцов та бар. Бірінші курсты тәмамдаған жастың бала кезінен зерттеу жұмыстарына жаны құмар.

АРТЕМ НЕМЦОВ, студент:

– Мен бала кезімнен Ежелгі Греция мен Ежелгі Ассирия туралы әңгімелерді, одан кейін Орталық Азия ғимараттары туралы кітаптарды оқып, зерттей бастадым. Бұл – қызықты процесс. Ұйымдастырылған экспедиция да ұнап жатыр.

Ақ Ирий қалашығы өзінің әсемдігімен таң қалдырады. Мұндай тәжірибелік іс-шаралардың археологтар мен студенттерге берері мол.

 

Ақжүніс Мұқатай