Денсаулық сақтау

Скринингтің маңызы

Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде. Уақытылы скринингтен өту – аурудың алдын алудың кепілі. Ол дертті ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда нақты аурулар бойынша және белгілі бір жас топтарына арналған скринингтік бағдарламалар бар. Олар халық үшін тегін. Сүт безі қатерлі ісігіне 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, ал жатыр мойны обыры бойынша 30 жастан асқан нәзікжандылар тексеріледі.

ЕРТАЙ ТАСПОЛАТОВ, №3 қалалық емхананың бөлімше меңгерушісі:

– Скрининг бойынша біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 174-ші бұйрығына сәйкес жұмыс істейміз. Оны жүрек қан тамыр ауруларарына, қант диабетіне жасаймыз. Сондай-ақ, онкологяилық аурулардың жолдамасы бойынша жатыр мойны мен тоқ ішектің ісігі және сүт безі обырының алдын алу мақсатында жасалады.

Скрининг жүргізудің 3 кезеңі бар. Алғашқысы – дайындық, келесісі қарап-тексеру және зерттеу болса, соңғысы – қорытынды деп аталады. Тексеріс барысында адамда қандай да бір дерт анықталса, науқас есепке қойылып, тиісті ем жүргізіледі.

ЕРТАЙ ТАСПОЛАТОВ, №3 қалалық емхананың бөлімше меңгерушісі:

– Келген науқастар алдымен скрининг кабинетіне кіреді. Ондағы медбике пациенттің деректерін электрондық системаға енгізеді. Кейін адамдарды қандай скринингке жарамды екенін анықтайды. Әртүрлі тесерістен өтккеннен кейін әрі қарай жолдама береді.

Ертай Тасполатовтың айтуынша, скринингтен өтетін тұрғындар емханаға аш қарынға келу керектігін де білуі керек.

 

Ақжүніс Мұқатай