Спорт

Олимпиадаға қатысатын теріскейліктердің саны артты

Талантты теріскейлік тарихта қалады! Жерлесіміз Амир Закиров брейкингтен Олимпиада ойындарында бақ сынайтын тұңғыш қазақстандық атанды. Будапештте өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша өңір тумасы Париж ойындарына жолдама алды. Ол финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд елінің өкілінен жеңілді. Осылайша, екінші орын еншіледі және ұлттық құраманың тізімін толықтырды. Айта кетелік, брейкинг Олимпиада бағдарламасына алғаш еніп отыр.

 

Байболат Құлтанов