Құқық қорғау органдары

Облыс прокурорлары кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғады

Өңірде заңды өкілдер заң талаптарын бұза отырып, балаларды нотариалдық сенімхаттар бойынша үшінші тұлғаларға тәрбиелеуге берген. Мұндай 1 емес, бақандай 970 жағдай тіркелген. Қадағалау органының актілері бойынша нотариустар 55-тен астам сенімхаттың күшін жойды, уәкілетті орган заңды өкілдермен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 39 бала қайтадан ата-анасымен бірге тұра бастады, 14 адам қорғаншы болу мүмкіндігі туралы қорытынды алу үшін қорғаншылық және қамқоршылық органдарына өтініш берген. Қабылданған шаралар балаларды сенімхат бойынша берудің заңсыз тәжірибесін тоқтатуға мүмкіндік берді.

 

Байболат Құлтанов