Sailau banner

Қоғам

Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимде жасауға болады

Енді жылжымайтын мүлік иелеріне коммуналдық қызметтерді алу мақсатында келісім шарт жасау үшін мекемелерге барудың қажеті жоқ. Жылжымайтын мүлік сатып алған сәтте қазақстандықтарға шарт жасасу туралы ұсыныс келіп түседі. Меншік иесі келіскен жағдайда деректер коммуналдық қызметтерге жіберіледі және тұрғын үй иесінің қатысуынсыз барлығы автоматты түрде жасалады. Өтінім қаралғаннан кейін мүлік иесіне SMS-хабарламамен дайын құжатқа сілтеме беріледі. Пилоттық жоба еліміздің 11 қаласында іске асырылған. Айта кетейік, бұған дейін аталған қызмет түрі Астана мен Алматыда жүзеге асырылған болатын. Бұл қалаларда сервис енгізілген күннен бастап 100 мыңнан астам онлайн шарт рәсімделіпті. Сонымен қатар, жақын арада Мемлекеттік корпорация жоба ауқымын кеңейтуді және оны бүкіл республика бойынша іске асыруды жоспарлап отыр.

 

Гүлден Сембаева