Балалар

«ҚХА Kids» жазғы лагері ұйымдастырылды

Осымен 3-ші жыл облыстық ҚХА өкілдері жеткіншектерге арнап жазғы лагерь жобасын ұйымдастырды. Бір ерекшелігі, осы жолы мұнда су тасқынынан зардап шеккен жандардың балалары болды. Олар 8 күн бойы қаламыздың небір әсем жерлерін аралап, түрлі этнос өкілдерінің мәдениетімен танысты. Апат кезінде қиындық көрген балалардың демалыстарын мейлінше қызықты әрі тиімді өткізулері үшін ұйымда бар жағдай жасалған. Әр күн қызықты оқиғаларға толы болды. Жергілікті университет студенттері жеткіншектерге алғашқы күннен бастап есте қаларлықтай іс-шаралар ұйымдастырды. Ал соңғы күні балалар достық туралы өлең айтып, флешмоб биледі.