Спорт

Есірткіге қарсы жаппай жүгіру жарысы

Есірткіге жол жоқ! Облыс орталығында Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналып жаппай жүгіру жарысы өтті. Іс-шара салауатты өмір салтын ұстанатын 500-ден астам солтүстікқазақстандық пен қала қонақтарының басын қосты.

– Сегодняшний марафон пройдёт по слоганом «Спорт против наркотиков».

Аталған сайысты облыстық полиция департаменті ұйымдастырды. Қатысушылар алдымен денелерін қыздырып, жаттығу жасады. Бірер сәттен соң жарыс жолына шығып, жүгіріп кетті. Олар қаламыздың басты көшесімен 2 жарым шақырымды жүгіріп өтті. Жарысқа еңбектеген жастан, еңкейген кәріге дейін қатысты.

АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ – СҚО ПД бастығының орынбасары:

– Барлық іс-шаралар жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүргізіліп жатыр. Бір ай бойы нашақорлықтың алдын алуға белсенді қатысқан және көптеген қызықты жобаларды жүзеге асырған белсенді әрі бастамашыл жастарға, еріктілерге алғысым шексіз.

Спорттық жиын соңында қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.