Sailau banner

Құқық қорғау органдары

СҚО-да заңсыз алкоголь өндірілген

Өңірде заңсыз алкоголь өндірілген! Мас күйде жасалатын тұрмыстық қылмыстардың алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде полиция СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, келіп түскен мәліметті тексерді. Нәтижесінде Петропавлдың 34 жастағы тұрғынына тиесілі қоймадан құрамында спирті бар контрафактілі өнім шығаратын “цех” анықталды. Үй-жайдан жалған акциздік маркалар жапсырылған 660 бөтелке, талапқа сай келмейтін ащы су құйылған 44 бес литрлік пластикалық бөтелке және басқа да жабдықтар тәркіленді. Аталған факті бойынша жиналған материал СҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

 

Байболат Құлтанов