Чип – бұл жануардың электронды төлқұжаты. Оны салдырудан ит, мысыққа еш зиян жоқ. Ақпараттық базаға иесі туралы да мәлімет енгізіледі.
ОЛЬГА ЧЕРНЫШОВА, Мамлют ауданының тұрғыны:
– Енді итіміз қайда кетіп қалды деп уайымдамаймыз. Тіркеу тегін. Бұдан қорқудың еш қажеті жоқ. Үй жануарына да зиянды емес.
РАЗАЛЬЯ ЗАКИРОВА, Мамлют ауданының тұрғыны:
– «Малыш» есімді итімізді чиптедік. Қауіпсіз. Үй жануары ауырсынбады. Бұльжақсы бастама деп ойлаймын. Басқаларына да кеңес беремін.
Күшік пен марғау бесінші, алтыншы аптада есепке алынуы тиіс. Чип қойғызу үшін ветеринарлық клиникаға жүгінген жөн. Онда жануарға инъекция жасалады. Егер уақытында чиптелмесе жеке тұлғаларға 10 АЕК, заңды тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
АЛЕКСАНДР БЕРНИКОВ, Мамлют ауданы ветеринария станциясының мал дәрігері:
– Бүгінде Мамлют ауданында 150 ит пен 50 мысық чиптелді. Олардың 86-сы ғана аудан орталығынан. Бұл тұрғындарға үй жануарларын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Себебі чип арқылы сәйкестендіру нөмірі енгізіледі. Кейін жануар иесіне ветеринарлық құжат табыс етіледі.
Жыл басынан бері облыста 3 016 ит пен мысық есепке алынды. Чиптеу құны – 3 500-6 000 теңге аралығында. Ал әлеуметтік осал топтар үшін чип қойғызу тегін.