Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі механикаландырылған бригадалардың жұмысын бақылады

Былғары зауыты ықшам ауданында өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 3 механикаландырылған бригада еңбек етуде. Олардың жұмысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Ең алдымен шалақындық топ өкілі осы күнге дейін не атқарғандарын, алдағы уақытта қандай шаруа күтіп тұрғанын баян етті. Мына екі қабатты үйдің бірінде Вадим Вилков бақандай 32 жыл тұрып келген. Қазір оның баспанасында аталған ауданның жігіттері күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр.

САЯТ ОМАРОВ, Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары:

– Вот здесь мы 5 квартир ремонтируем. Получается до 1 июля мы здесь все закончим.

Шалақындықтар Чайкин мен Молодой Кожевник көшесі аралығындағы 143 үйді қамтымақ. Бүгінгі күнге дейін жарамсыз деп танылған 38 баспана бұзылды. Бірқатарына жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Ықшам ауданның келесі бөлігінде Жамбыл ауданының бригадасы тер төгуде. Тұрғындар дән риза.

НҰРБЕК САПАРОВ, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:

– Бұл бөлікте 137 үй тасқынан зардап шеккен. Оның 109-ы апаттық деп танылды. Бүгінгі күнге дейін жамбылдық жедел штаб 20-дан астам үйді бұзған. Тұруға жарамды деп танылған 28 баспананың 17-сін тұрғындар өздері жөндемек. Ал Рыжов көшесінде Есіл ауданының өкілдері жүр.

ЕРЖАН МҰСТАФИН, Есіл ауданы әкімінің орынбасары:

– Ал Заречный кентінде Ақжар, Мамлют, М. Жұмабаев және Тимирязев аудандарының бригадалары күн-түн демей жұмыс істеуде. Соңғы аталған ауданның азаматтары 11 үйді қалыпқа келтіруі тиіс.

Кейін өңір басшысы Ойқала ықшам ауданындағы жұмыс топтарының қарқынымен танысты. Бұл елді мекеннің бір бөлігінде Айыртау ауданынан келген бригада тыңбай еңбек етуде.

ЕҢБЕК ИСИН, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары:

– Уәлихановтық бригада 146 үйге жауапты. Оның 130-ы апаттық деп танылды. Аудандағы ауқымды іске 35 адам мен 15-ке жуық техника жұмылдырылған. Материал жеткілікті, жұмыс қарқын алып келеді.

ТАЛҒАТ САҒИТОВ, Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары:

– Ат аялдатқан соңғы нүкте – Қызылжар ауданындағы Теличное ауылы. Мұнда аққайыңдық бригада жұмыс істеуде. Танысу шарасының соңында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жауаптыларға сапаға баса мән беруді тапсырды.

 

Гүлден Сембаева