Sailau banner

Білім

Есіл ауданында педагогтарға арналған семинар өтті

30-ға жуық кітапханашы мен педагогикалық психолог Есіл ауданындағы «Родник» балалар сауықтыру лагерінде бас қосты. Мұнда «Оқу мектебі – оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру аясында облыстық семинар ұйымдастырылды. Жиынның шымылдығы концерттік бағдарламамен түрілді.

Жаңа жоба аясында мектеп кітапханасының қызметкерлері түрлі бағытта өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Білген-түйгендерімен бөліседі, ойларын ашық білдіреді. Облыстың түкпір-түкпірінен келген мамандарға Есіл ауданының қызметкерлері шеберлік сабақтарын да әзірлеп қойыпты.

РАЙГҮЛ БАЙМАТОВА, Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гиназиясының кітапхана меңгерушісі:

– Біз түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамыз. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер және қалалық Шухов атындағы кітапханалармен бірігіп жұмыс істейміз. Әртүрлі семинарларда тәжірибемізбен бөлісеміз. Кітап көрмелерінің тұсаукесерін жасап, балаларды кітап оқуға шақырамыз.

Облыстық семинарға балалар да белсене қатысты. Олар мұғалімдерге өз жұмыстарын көрсетуге көмектесіп, музыкалық және актерлік қабілеттерін ұсынды.

Бүгін біраз ұл-қыз лагерьде бірінші рет болды. Олар аз уақыттың ішінде табиғаттың сұлулығын, ерекше атмосфераны сезініп үлгерді.

– Такая атмосфера…Все не такое, как в школе.
– Интерьер красивый, воздух свежий.
– Я сюда уже ездила, тоже выступала здесь.

Айта кету керек, “Родник” – өңір бойынша жұмысты алғаш бастаған лагердің бірі. Сауықтыру орны есілдік балаларды ғана емес, өзге де ауданның ұл-қыздарын қабылдайды.

 

Ақжүніс Мұқатай