Sailau banner

Қоғам

Діни экстремизге жол жоқ

“Зайырлылық қағидаты – Қазақстан болашағының кепілі”. Бүгін С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада осындай атаумен семинар өтті. Жиынға республикалық ақпараттық түсіндіру тобының өкілдері мен өңір аудандарынан келген этномәдени орталық мүшелері қатысты.

НҰРТАС НҰРМАҒАМБЕТ, облыстық дін істері басқармасының бас маманы:

– Семинардың басты мақсаты – діни идеялогияның алдын алу және дінтану саласындағы білімді арттыру. Жоспар аясында 20-дан астам іс-шара өткізіп, 500-ден астам адамды қамтымақпыз.

Қазіргі таңда діни экстремизм – қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі. Онымен күрес барысында осы сияқты шаралардың маңыздылығы зор. Бұның барлығы адамдардың ой-санасы уланып, теріс ағымға түсіп кетпеуі үшін жасалып отыр. Білікті мамандар теріскейде 5 күн болады. Осы уақыт ішінде облысымыздың 4 ауданына бармақ. Қостанай қаласынан арнайы келген шенді Мырзабек Тойғанов экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимылдың жер-жерде жүргізілгенін қалайды.

МЫРЗАБЕК ТОЙҒАНОВ, ҚР IIM Ш.Қабылбаев атындағы академияның орталық басшысы, Қостанай қаласы:

– Семинарда біз өзіміздің тәжірибемізбен бөлісеміз. Болып қалуы мүмкін апаттық жағдайлардың алдын алу үшін осы сияқты жиындарды көп өткізіп, адамдардың көзін ашу керекпіз.

Енді сала өкілдері Қостанай облысында бас қоспақшы. Діни экстремизге тұсау салу бағытындағы шара көршілес өңірде келесі аптада өтеді.