СпортҚоғам

Петропавлда жаппай жүгіру шарасы өтті

Бүгін – халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Атаулы датаға орай Петропавлда жаппай жүгіру шарасы өтті. Күннің ыстығына қарамастан ынта білдіріп, жиналғандардың қатары аз емес. Акцияның мақсаты – нашақорлыққа жол бермеу және қала тұрғындарын салауатты өмір салтын сақтауға шақыру. Спорт сүйер қауымның басын қосқан шараға еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қатысты. Олар алдымен дене қыздырып, жаттығу жасап алды. Кейін қатысушылар жүгіруге кірісті.

МАРАТ ШИНТЕМІРОВ, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы:

– Акцияға 300-ге тарта азамат қатысып отыр. Былтыр да осындай акция өткізген болатынбыз. Биыл да дәстүрден жаңылмай ұйымдастыруыд шештік. Жаппай шеруде қатысушылар орталық көшелерден өтеді. Екі жарым жарым қашықтықта жүгіреді.