Спорт

Петропавлда салынып жатқан үстел теннисі корты тамыз айында қолданысқа тапсырылады

Облыс орталығында осы жылдың ақпан айынан бері үстел теннисі кортының құрылысы жүріп жатыр. Бүгінге дейін жоспарланған жұмыстың жартысынан астамы тындырылыпты. Мердігер – жергілікті “МИРАС GROUP” серіктестігі.
Жабық корт М.Жұмабаев көшесінде орналасқан. Сыйымдылығы – 500 адам.
Нысан 2 қабаттан тұрады. Ішінде 20-дан астам теннис үстелі болады. Жоба құны – 3,2 млрд теңге. Үстел теннисі корты тамыз айында тапсырылуы тиіс.

ФАРХАТ СЕЙПИЛОВ, құрылыс учаскесінің бастығы:

– Құрылыс жұмыстарына 10 техника мен 50 адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда ішін дұрыстап жатырмыз, айналасына асфальт төселуде. Жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр. Құрылыс материалдары – отандық өнім.

 

Мәдина Қаби