Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілерді марапаттады

23 маусым мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Мереке қарсаңында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны кезеңінде еренбей еңбек етіп, тәулігіне 18 сағат қызмет атқарған азаматтарды құттықтап, алғыс хаттар мен марапаттады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қазақстанның дамуы мен нығаюы жолында абыройлы еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Әр елдің ең басты тірегі – оның идеясымен саясатын алға жылжытатын мемлекеттік қызметшілер. Халқымызда “Билігі мықты елдің тірегі құтты болады” деген нақыл сөз бар. Мемлекеттік қызметші болу -маңызды міндет әрі жауапкершілік. Елімізге адал еңбек етіп абыройлы болыңыздар. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметтік озық салаға айналу керектігін атап өтті. Мемлекет халыққа қызмет ету керек. Елімізде азаматтардың мүддесін толықтай қорғайтын мемлекеттік қызмет мүддесін құру қажет деп атап көрсетті ел Президенті. Әрқайсысыңыз еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге үлес қосып келесіздер.

Облыс әкімі мемлекетіміздің біртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға ат салысатын азаматтардың бірі ол мемлекеттік қызметкерлер екенін атап өтті. Әсіресе, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ерінбей қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегін жоғары бағалады. Су тасқыны кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқарған қызметкерлердің бірі – №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Теңіз Жамабалин бар. Бүгінде ол еңбегі үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

ТЕҢІЗ ЖАМАБАЛИН, қалалық №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі:

– Бүгін облыс әкімінің Алғыс хатын алып отырмын. Мен өзім 2017 жылдан бастап өрт сөндірушілердің қатарында жұмыс істеймін. Осы су тасқыны басталғаннан бері осы күнге дейін суды откачка жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Қазірдің өзінде Хромзавод ықшам ауданында суын откачка жасап жатырмыз. Осы күнге дейін жұмыстар жүріп жатыр.

Облыс әкімінің марапатына ие болғандардың тағы бірі – Римма Чернышева. Марапатталушы барлық азаматтарды келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтап ашық аспан тіледі.

РИММА ЧЕРНЫШЕВА, қалалық мемлекеттік басқару органдарын жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің басшысы:

– Шын жүректен біздің басқарманың атынан барлық мемлекеттік қызметшілерді келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Барлығына мықты денсаулық, қажымас қайрат, ашық аспан тілеймін. Алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін.

Іс-шара сонында барлық марапатталушылар облыс әкімімен естелікке сүретке түсті.