Қазақстан жаңалықтары

Қаржы министрі Мәди Тақиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндады

Министр Үкіметтің ұсынылған есебі Парламент палаталарында жан-жақты қаралып, талқыланғанын атап өтті. Республикалық бюджеттің кірістері бойынша жылдық жоспар 99,9% – ға орындалды, бюджетке 19 трлн теңге түсті.
Бюджет шығыстары 99,6% – ға орындалды және 22,4 трлн теңгені құрады. Қаржы министрлігінің басшысы сондай-ақ 2022 жылдан бастап Үкімет жобалық басқарудың белгіленген өлшемдеріне жауап беретін ұлттық жобалардың жаңартылған тізбесін айқындау бойынша жұмыс жүргізгенін атап өтті. Бюджеттің мүмкіндіктері мен басымдықтарын ескере отырып, 3 ұлттық жоба қабылданды:” жайлы мектеп”,” ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту “және”қолжетімді интернет”.
“Оларды іске асыруға түрлі көздерден 625,2 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен — 536,4 млрд теңге. Қалған 10 ұлттық жоба мен 2 мемлекеттік бағдарлама жойылды”, – деді Мәди Тақиев.