Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Бизнесті қорғау

Облыстық прокуратура бизнесті қорғау бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Қадағалаушы орган тарапынан атқарылған және атқарылып жатқан іс Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында сөз болды. Ұсынылған дерекке сүйенсек, бүгінгі таңда аймақта 619 млрд тенгеден астам сомаға 36 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Түрлі мәселемен жүгінетін кәсіпкерлер баршылық. Шенділер осы күнге дейін миллиардтап инвестиция құюды жоспарлап отырған өңірдің 14 инвесторына көмектескен.

ҚАЗЫБЕК ҒАЛЫМЖАН, СҚО прокурорының аға көмекшісі:

– Мысалы, “Алисарай” ЖШС инвесторы 500 млн теңге сомасына мемлекеттік қарыз алуда әкімшілік кедергілерге тап болды. Инвестордың қатысуымен өткен фронт-офис отырысында ағымдағы проблема қаралды және мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар бере отырып, оны шешу бойынша ұсыныстар әзірленді. Прокуратураны үйлестіруімен инвестордың проблемасы шешілді, оған мемлекеттік қарыз берілді.

 

Байболат Құлтанов