Sailau banner

Қоғам

Ақжарлық жұмыс тобы Заречный кентінде қарқынды жұмыс істеп жатыр

Бүгінде су тасқыны кезінде орасан залал тиген Заречный кенті біраз оңалып қалған. Бірнеше ай бұрын су кіріп, қопсып жатқан үйлер де азайған сияқты. Қаланың іргесіндегі бұл елді мекенде күннің суығы мен ыстығына қарамай бірнеше ауданның механикаландырылған бригадасы жұмыс істеп жатыр. Оның арасында Ақжар ауданы да бар. Ақжарлықтардың қарамағына – 100-ге жуық баспана кіреді. Қазір Заречный – 1 мекенжайындағы 66-шы үйді қалыпқа келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл – жөндеуге рұқсат берілген осымен 6-шы баспана. Қызу жұмыстың басы-қасымен Ақжар ауданының әкімі танысты.

ҚАНАТ ҚАЛИЕВ, Ақжар ауданының әкімі:

– Бізде 35 адамнан тұратын 5 бригада бар. Әрқайсысы 7 адамнан тұрады. 20 техника жұмыс істеп жатыр. Қарамағымызға 95 үй кіреді. Оның 62-сі жарамсыз деп танылды. Сондықтан, 10 баспананы сүрдік. Тағы басқа үйлерге жөндеу жүргізіп жатырмыз. Бұл – біздің қалыпқа келтіріп жатқан 6-ші үйіміз. Әрі қарай тағы 13 баспананы жөндейміз.

 

Ақжүніс Мұқатай