Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Электрсамокат жүргізушілері жол ережелерін жиі бұзады – полицейлер

Облыста полицейлер кикшерингтік қызмет өкілдерімен кездесті. Көпшілікке аса таныс емес бұл термин электрсамокаттарды жалға беретін тұлғаларға қолданылады. Назар аударарлық жайт, тұрғындардың басым бөлігі шағын көлік құралдарын дұрыс пайдалану ережелерін білмейді. Мысалы, жыл басынан бері Петропавл көшелерінде самокат тізгіндеген жандар тарапынан жол жүрісі қағидаларының 431 бұзушылығы тіркелген. Жылжымалы құралға бірнеше адамның мінуі, арнайы бас киімнің болмауы, мүліктің тротуарда немесе жол үстінде қалуы – жиі кездетін бұзушылықтар. Полиция департаменті қызмет көрсетуші ұйымға бірқатар ұсыныстар жолдамақ.

 

Байболат Құлтанов