Sailau banner

Қоғам

Мүлікті бағалау жұмысы жүріп жатыр

Қызылжар ауданында баспана мен мүлікті бағалау комиссиясының жұмысы жалғасуда. Бірде-бір ауыл, бірде-бір адам назардан тыс қалмайды.

ҚУАНДЫҚ ШӘКУБАЕВ, Қызылжар ауданы бағалау комиссиясының төрағасы:

– Комиссия отырысы күн сайын өтеді. Барлық ұсынылған материалдар, құжаттар толығымен қаралады. Жеке жұмыстар жүргізілуде. Әрбір адамға төлемдерді түсіндіріп жатырмыз.

Қаладағы комиссия өкілдері де тынбай еңбек етіп жатыр. Мұнда 11 маман бар. Күніне 100-ден астам адам қабылдайды. Арнайы топқа 2 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Оның әзірге 1100-і қаралыпты.

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, қалалық ардагерлер кеңесінің орынбасары:

– Кейбір тұрғындар бағалаушының жауабымен келіспейді. Қазіргі таңда 1130 адамның 6-ауы келіспей отыр. Осы мәселе ақырындап шешіліп жатыр.

Петропавлда 150 отбасы тасқыннан зақым келген баспаналарды өзіміз жөндейміз деп шешкен.

 

Гүлден Сембаева